Қарағанды орталығы қызыл судың құрсауында қалды

Қарағанды орталығы қызыл судың құрсауында қалды

Бүгін Қарағанды қаласының көшелері де ағын суға толған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шаһардың оңтүстік шығыс бөлігі ағын су арналарының жоқтығы салдарынан «көлге» айналған. Ал «Қарағанды Су» компаниясы болса, қазіргі қалдық су бассейніне аса ірі мөлшердегі су сыймады деп отыр. Қазір цех бригадасы ағын суды сорғыту жумыстарын жүргізіп жатыр.