Орташа зейнетақы мөлшерін орташа деуге келе ме?

Елде 2 млн 240 мыңнан астам зейнеткер бар. Жыл басынан бері олардың зейнетақысына бюджеттен 470 млрд теңге бөлінген. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осындай дерек таратты. Сосын біздегі орташа зейнетақы мөлшері 105 мың 538 теңгеге жетті деді. Бірақ бұл ақпаратпен бұқара келісе қояр ма?

  1. 105 мың егер орташа мөлшері болса, егер де төменгі мөлшерде болса норма болады. Орташаға келіспеймін. Адамдар қаншама жыл бойы еңбектенеді зейнетақы қоры жиналады. Соның еңбегін көргісі келеді. Сондықтан мен ойлаймын 100 мың аз деп. Тем более қазір барлық жерде қымбат болып жатыр.
  2. Қазір бәрі қымбаттап жатыр ғой. Көбірек 150 даже 200 мыңға дейін баруға тиіс. Тамақтың бәрі қымбаттап жатыр. Киім қымбаттап жатыр. Бәрі қымбаттап жатыр.
  3. Ой келіспеймін оған. Сол енді жетіп жатқан жоқ. Мен қыдырғым келеді. Саяхаттағым келеді. Балаларыма көмектескім келеді. Оларды айту армандау ғана. Дүкенге кірсеңіздер қандай бағалар қазір. Бәрі қымбат.
  4. Жоқ, келіспеймін. Пенсия инвалидности екінші группа. 52 ақ мың аламын. Ол ешқайда жетпейді. Өзім қиналып 1-2 комната үйім бар жоғалтып алдым. Денсаулық жоқ. Ешқандай помощь жоқ үкіметтен коммуналка төлейміз бір тамақ аламыз. Бір екі ет алып күн көрем.