Зейнетақы реформасы туралы халық не дейді?

Меніңше, ел ішінде қызу талқыға түсіп жатқан мәселе қай кезде де өзекті. Мейлі ол 1 жыл талқыға түссін, мейлі ол 10 жыл айтылсын. Түйіткілдің түйіні тарқамай тұрған соң адамдар амалсыз бұл тақырыпқа қайта-қайта оралады. Ал министрлік өкілдерінің әлгіндегі әрекетін бұқарамен санаспау деп ғана ұғатын шығармыз. Басқаша қалай түсіну керектігін білмеймін. Әріптестерім елорда тұрғындарының пікірін сұраған еді.

  1. 63 жас деген өте көп. Әсіресе ауылдардағы әйелдерге.қиын ғой енді 63 жаста пол жуу немесе сиыр сау тағы сол сияқты. Қаладағыларда енді техничка болып істейді. Олар қалай 63 жаста. Мен өзім мұғаліммін. 63 жастағы мұғалім 5-6 жастағы балалар алдында балаша қимылдай алмайды. Сондықтан 63 жас деген өте қиын. Бұрынғы кезін қайтару керек деп ойлаймын.
  2. Әйел адам деген 63 жасқа дейін қалай жүреді? Тәлтіректеп, жұмыс істеп, 63 жаста жұмысқа кім алады әйелді. Ешкім алмайды. Қазір 40 жаста алмайды. Кәрісің деп. 63 жаста таяқ ұстап қалай жұмысқа барамыз. Бала тәрбиелейміз ба, жұмыс істейміз ба?
  3. Әйел кісі деген ол 60 жасқа дейін жұмыс істей алмайды ғой. 55 нормально деп ойлаймын енді.
  4. Ертерек шығу керек бізге пенсияға. Үйде де жұмыс бар. Балаларды қараймыз и жұмыс істейміз. Ертерек шыққаны бізге өте жақсы болушы еді.
  5. Мен өзім 58 жаста шықтым. Ойлаймын 58-де шығу керек. Көп балалы аналар 55 жаста деп ойлаймын. Көп адам денсаулығы жоқ қой сол себептен деп ойлаймын.
  6. Әйелдерге оңай емес қой. Сонша тауқіметті басынан өткереді. Балалаларды өсіреді жеткізеді. Сөйтіп, енді 58 де көп. 55 берсін жарайды.