Ақмола облысында су тасу қаупі сейілмей отыр

Ақмола облысында су тасу қаупі сейілмей отыр.

Мамандардың айтуынша, ауа райының тез жылынуынан қар жылдам еріп, 7 аудан зардап шегуі мүмкін. Жеке тұрғын үйлерге де қауіп төніп тұр. Қазірдің өзінде бірнеше елді мекеннің көшелерін су басып қалды. Төтенше жағдай қызметі тәуліктік жұмыс режиміне көшті. Аршалы мен Целиноград аудандарына облыс орталығы мен Нұр-Сұлтан қаласынан қосымша құтқарушылар тобы көмекке келіп жетті. Автожолды су шайып кетуіне байланысты 3 ауылмен қатынас үзілді.

Манарбек Шапағатов, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

- Қазіргі таңда Қосшы, Степногорск қалалары мен Целиноград, Аршалы, Астрахань, Шортанды, Жарқайың аудандарынан 200 текше метр су шығарылды. Ерейментаудағы аудандық маңызы бар автожолға 3 жақтан еріген қар суы құйылып жатыр.