Семейде бір мыңнан астам адам жұмыссыз жүр

Семейде бір мыңнан астам адам жұмыссыз жүр

Семей қаласы бойынша  жұмыссыздар тізімінде тұрған адам саны 1 мыңнан асады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы жаһандық пандемия басталғалы бері алғаш рет өткен «Бос орындар» жәрмеңкесінде айтылды. Жұмыспен қамту орталығының мамандары екі қолға бір күрек іздеп жүргендердің басым көпшілігі жастар екенін айтады. Олар негізінен мемлекеттен грант алып, кәсіп ашуға ниетті. Жәрмеңкеге 30-дан астам кәсіпорын-мекеме өкілі қатысып, 400-дей қызмет түрі бойынша бос орын барын айтқан.

Айта кету керек, Семейде техникалық мамандықтар бойынша айлық жалақы 280 мыңға дейін барады. Десек те бұл жолы бар-жоғы 15 адам түйіндемесін тапсырған.

Гүлмира Бақтажарова, қалалық жұмыспен қамту орталығының маманы

– Жұмысшы мамандығының жалақысы жоғары, 250-260 мыңға дейін барады. Бірақ енді жастарымыз ондай жұмыс істегісі келмейді, олар көбінесе идеалары көп болғандықтан, грант алғысы келеді. Былтыр мысалы үшін 500 мыңнан астам болса,  бүгінгі күнде миллионнан астам грант беріліп жатыр, соған өтінім жазып жатыр, келіп тіркеліп жатыр жастарымыз.