Ойыл өзені тасуы мүмкін – Ақтөбе облысы

Ойыл өзені тасуы мүмкін – Ақтөбе облысы

Ақтөбе облысының Ойыл ауданына қарасты Екпетал ауылы тұрғындары шұғыл эвакуацияланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елді мекенде полиция қызметкерлері мен ер адамдар ғана қалды. Төтенше жағдай департаменті мамандарының хабарлауынша, іргедегі Ойыл өзені тасып, ауылды су басу қауіпі бар. Сондықтан адамдармен бірге төрт-түлік пен үй құстары да қауіпсіз жерге шығарылған. Күрек ұстауға қауқарлы азаматтар құтқарушылармен бірге өзен арнасын бекітуге кірісті. 200-ден астам тұрғын қауіптің беті қайтқанша аудан орталығындағы спорт мектебінде болады.