Елордадағы сауда орталығынан майнинг құрылғысы табылды 

Елордадағы сауда орталығынан майнинг құрылғысы табылды 

Оны тұрақтағы кабельдік желілерді тексеріп жүрген инженер байқап қалған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Полициямен бірлесе жүргізілген шолу жұмыстары кезінде желдеткіш құбырлардың үстінде жұмыс істеп тұрған тағы 4 жабдық табылды. Аппараттар криптовалюта табуға арналған. Материал Экономикалық тергеу департаментіне жолданды.