Депутаттар ШҚО-дағы су қоймасына барды

Депутаттар ШҚО-дағы су қоймасына барды

Мәжіліс депутаттары Шығыс Қазақстандағы су тасқыны қаупі бар елді мекендерді аралады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Депутаттар алдымен Глубокое ауданы Белоусовка ауылында орналасқан су қоймасына барып, ондағы нақты жағдаймен танысты. 3 шақырым аумақты алып жатқан қойманың тереңдігі 8.5 метрге жетеді. Жергілікті билік мұнда жыл сайын жөндеу жұмыстары жүргізіліп отыратынын айтады. Еділ Жаңбыршинның сөзінше, гидротехникалық нысандардың жұмысы бақылауда. 

Еділ Жаңбыршин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Белоусовка поселкесіндегі гидротехникалық құрылғы. 1942 жылы салынып бастап, 1946 эксплуатацияға берілген. Судың жиналған көлемі қалыпты жағдайда. Гидротехникалық құрылғыдан кетіп жатқан судың көлемі шамадан тыс емес. Төтенше жағдай жоқ деп айтуға болады.