Әлеуметтік нан қымбаттамайды – АШМ

Әлеуметтік нан қымбаттамайды. Бұл бірінші сорт ұннан жасалатын нан. Ауыл шаруашылығы министрлігі осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Егер шикізат тапшылығы болса,  онда азық-түлік келісім шарт корпорациясынан субсидиямен бидай бөлінеді. Бірақ басқа нан өнімдерінің бағасы нарықтағы шикізат құнына қарай өзгереді деді ведомство өкілдері.

Назгүл Хатепова, ҚР АШМ Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаментінің директоры:

– Соңғы кезде БАҚ-та көптеген ақпарат тарауда ұнның немесе нанның бағасы қымбаттайды деген. Біз өз тарапымыздан ішкі нарықта байдаға немесе ұнға тапшылық жоқ деп айтқымыз келеді. Біз ішкі нарықты тұқрантыру мақсатында тұрақтандыру қорларында қажетті көлемде кез келген өңірдің физиологиялық тұтыну нормаларына сәйкес сол халықты қажетті көлемде қамтамасыз ету үшін тұрақтандыру қорларындағы ұнды сатып аламыз.  

«Қорда 118 тонна ұн бар. Оның ішінде 10 мың тонна тұрақтандыру қорларында. Бұл 3-4 айға жетеді. Бұдан бөлек азық-түлік келісім шарт корпорациясында 800 мың тонна астық бар. Қажет болған жағдайда осы қордағы ұн арзандатылған бағамымен ішкі нарыққа жұмсалады», - деді министрлік өкілдері.