Қаңтар оқиғасына 12 ұйымдасқан қылмыстық топ қатысқан – Бас прокуратура

BBC

Бас прокуратура қаңтар оқиғаларына байланысты қылмыстық істердің тергелу барысы туралы хабарлады.

Аталған істерді тергеп-тексеру нәтижелерімен олардың мән-жайлары және қатысты адамдар тергеумен анықталуда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Бас прокуратураның 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлімдеді. Арнайы прокурорлармен жаппай тәртіпсіздіктерге 12 ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысқаны анықталды. Олардың ішінде ең белсенділері Жұмагелдиев («Дикий Арман»), «Қазақстандықтар» және «Айшуақ - Жантүгел» топтары болды. Ұйымдасқан қылмыстық топтың 23 мүшесі қамауға алынды, оның ішінде 4 «қылмыс авторитеті». Бұл қылмыстарды ұйымдастырушылар мен қатысушыларды анықтау және жауаптылыққа тарту үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда.

Елдос Қилымжанов, Бас прокуратураның қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары:

- Ұйымдасқан қылмыстық топтың 23 мүшесі қамауға алынды, оның ішінде 4 қылмыс авторитеттері. Бұл қылмыстарды ұйымдастырушылар мен қатысушыларды анықтау және жауаптылыққа тарту үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда.

Жалпы, қаңтар оқиғаларына қатысты күдікті 547 адамның 269-ы қазір қамауда отыр. Күдіктілер қатарында Алматы, Жамбыл, Қызылорда облыстарының Ұлттық қауіпсіздік комитеті және полиция департаменттерінің басшылары бар. Алматы әуежайын қарақшылар қолына беру әрекетіне қатысты аталған ұйымның полиция бөлімінің бастығы ұсталды. Ол әуежайды күзетсіз қалдырып, жолаушылар өміріне қауіп төндірді және ғимаратқа айтарлықтай зиян келтіруге жол берді, делінген тергеу мәліметінде. Ішкі істер органдарының тергеуінде 1090 қылмыстық іс бар. Ауыр қылмыс жасаған 165 адам күзетпен ұсталып отыр. 377 күдіктіге қатысты тергеу аяқталып, сотқа жіберілді.