Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы ел не дейді?

Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы ел не дейді?

Арна тілшілері Күн тәртібінде талқыланған тақырыпқа орай халық пікіріне де құлақ түрген еді.

– Біздің мемлекетіміз көп ұлтты мемлекет, бірақ қазақ ұлты барлығының басын қосып отырған ұлт болғандықтан бірлік керек халыққа. Бірлік бар жерде болашақ та, білім де, даму да болады. Сол себепті бірлік керек.

– Жалпы басқа ұлттармен қарым-қатынас жақсы болу үшін. Қазір көріп отырғандай шетелдерде басқа елдермен қарым-қатынас дұрыс болмағандықтан көптеген ұрыс-керіс болып жатыр. Ал Қазақстанда ол жағы жақсы дамыған деп айта аламын. Біздің экономиканы, басқа да проблеманы шешуге Ассамблея көмектеседі деп ойлаймын. 

– Қазақстан Ассамблеясы біздің халқымызға өте маңызды. Өйткені біздің елімізде 100-ден астам халық тұрады. Арамыздағы бейбітшілікті әлемге көрсетіп, Қазақстан елінде қандай халық, бір-бірімізбен тіл табысып жүргенімізді бөлісу үшін.

– Әрине, Қазақстан Ассамблеясы керек. Біздің қазақ елі көпұлтты мемлекет қой, әрине, керек.

– Қолындағы соңғы нанын беретін халық қой. 100-ден астам халық бар. Ең бастысы көңіліміз жарасса болды, соғыс анау-мынау болмаса болды.