Елордада жыл басынан бері 800-ге жуық интернет-алаяқ анықталды

Елордада жыл басынан бері 800-ге жуық интернет-алаяқ анықталды
Хабар 24

Халық арасында қаржылық сауаттылық кенжелеп тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұны алаяқтарға алданғандардың көптігінен-ақ байқауға болады. Жыл басынан бері елорданың өзінде 800-ге жуық интернет-алаяқ анықталды. Қаржы пирамидаларының құрығына түспеу үшін не істеу керек? Көптеген елдерде қаржы пирамидаларын тұсаулап тастайтын заңдар бар. Бізде де ондай құжаттар қабылданған. Заңға қайшы келгендер 7жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Жарнама туралы қолданыстағы заңның 13-бабында да «қаржылық пирамиданың қызметін жарнамалауға тыйым салынады» деп  жазылған. Бірақ осының өзі жеткіліксіз болып тұр. Әлгінде айттық, қаржы пирамидасын құрғандардың көбі шет мемлекетте отырады. Оларды қолға түсіру әсте қиын. Сосын біздегі заңдардың солқылдақ тұстары бар.