ШҚО-да жұмысшылар жалақысыз отыр

Шығыс Қазақстан облысындағы бірқатар кәсіпорын жұмысшыларына 50 млн теңгеден астам қарыз, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қарызы бар мекеме басшылығы 12 млн теңге әкімшілік айыппұл төлейді. Мәселен, Серебрянский бейорганикалық өндіріс зауыты екі жылдан бері борыштан құтыла алмай отыр. Қорғаныс саласының маңызды өндіріс орны 1990 жылға дейін танк пен өзге де арнайы техниканың қосалқы бөлшегін жасаған. Екі мыңға жуық жұмысшы еңбек етті. Алайда 2000 жылдардың орта тұсында жекенің меншігіне өтіп, бірнеше рет басқарушысы ауысқан. Осы уақыт аралығында 9 цех жабылды. Қазір өндіріс орны мемлекеттің қарамағына қайтарылғанмен, бұрынғы иелері жұмысшыларға 27 млн теңге қарыздар боп қалған. Сондықтан оларға қатысты іс қозғалып, іздеу жарияланған. Ал жергілікті билік берешекті бюджет есебінен өтеуге қауқарсыз. Шенеуніктер мәселені жаңа инвестордың көмегімен шешуге ниетті. Зауытты қалталы кәсіпкерге жалға беріп қана қоймай жұмысшылардың жалақысын өтеуді де жүктемекші.

Елена Зиновьева, Серебрянск қаласының тұрғыны:

Соңғы рет инвестор 2019 жылы келген. Сол кезде және соңғы алты ай бойы жалақымызды төлеген жоқ. Мәселен, маған 250 мың теңге бережақ. Кейбір адамдарда одан да көп.

Нұрлан Махамбетов, қала әкімі:

Наурыздың бірі күні әлеуметтік әріптестік бойынша облыстық комиссияның отырысы өтті. Кездесуде біздің зауыттың болашақ инвесторлары үшін жарияланатын тендерге жұмысшылардың қарызын өтеу де енгізілетін боп шешілді.