Ақтөбе облысында үш ауылға әлі жол жоқ   

Ақтөбе облысында үш ауылға әлі жол жоқ   

Тасқын су салдарынан өңірдегі үш ауылмен әлі қатынас орнамаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қобда ауданындағы Жарық, Көкүй және Қоғалы елді мекендеріне баратын жолды басқан су әзір тартылмай тұр. Сондықтан көліктің барлық түрлері үшін жүру мүмкін емес. Аталған ауылдарда 600-ден астам адам тұрады. Әзірге азық-түлік және дәрі-дәрмек қоры жеткілікті дейді мамандар. Тұрғындарға қажетті өзге де заттарды жергілікті атқарушы орган өкілдері қайықпен жеткізіп жатыр. Елді мекендерге баратын жолдарды Үлкен Қобда өзенінің тасуынан су басқан. Оның деңгейін қазір төтенше жағдай қызметінің мамандары бақылап отыр.

Әлішер Сарыбаев, облыстық ТЖД басқармасының бас маманы:

– Жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерімен су тасқыны бар жерлерде кезекшілік атқарылуда. Қазіргі таңда Қобда өзені су деңгейі төмендеуде. Қауіп жоқ. Мемлкеттік мекемелер, социалдық мекемелер және ауруханалар, мектептер бәрі штаттық режимде жұмыс жасауда.