Еліміз Кореямен бірлесіп цифрлық трансформацияны қолға алды

Еліміз Кореямен бірлесіп цифрлық трансформацияны қолға алды

Алғашқы зерттеу жобасы бүгін таныстырылды.

Құжат Орталық Азияның 7 мемлекеті мен Кавказдың қажеттіліктерін бағалай отырып түзілді. Оны аймақ елдерінің уәкілетті мемлекеттік органдары мен кореялық жетекші сарапшылар бірлесіп әзірлеген. Онда электронды Үкіметті цифрландырудан бастап, мамандардың біліктілігін арттыру мәселесіне дейін қамтылды. Былтыр басталған зерттеулер келер жылдың соңында аяқталады. Мамандар цифрландыру ісінде көш бастап тұрған мемлекеттердің озық тәжірибелерін саралап, еліміздің қажеттілігіне қарай бейімдемек.  

Әлихан Байменов, Астана мемлекеттік қызмет хабы басқарушы комитетінің төрағасы:

- Мысалы, Словения мемлекетінде кез келген азаматтың жеке, заңды тұлғаның мемлекеттік бюджетпен қарым-қатынасын жария қылатын бағдарлама бар. Сонда мына жемқорлықпен күрестің де ең үлкен алғышартын туындатады. Тазалықтың, мөлдірліктің. Сол себептен адамға бағытталған мемлекеттік басқаруды жүзеге асыруда цифрландыру жаңа технологиялар керемет құрал болып табылады. Адамның мүддесіне жұмыс жасайтын. 

Кейбір қызмет түрлерін цифрландыруды қолға алмас бұрын алдымен оның тиімділігін ескерген жөн. «Зерде» холдингінің басқарма төрағасы Арман Әбдірәсілов осындай пікірде. Мәселен, ауылдық жерлерде салық түсімдері аз дейді ол. Ал оны жинауға кететін шығын түскен пайдадан анағұрлым көп екен.

Арман Әбдірәсілов, «Зерде» Ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ Басқарма төрағасы:

- Ауылдық жерлерде өздеріңіз білесіздер салық мөлшерлемесі өте төмен. Оны алу, бюджетке жіберу ол жұмыс істейтін адамның жалақсын төлеу, ғимаратты сақтау, оны жөндеу, қызметкерлерге машина даярлау басқа-басқа бюджеттен шығындар олар ақталмайтын шығындар. Біз бір шетінен үкіметті екіншіден адамдарды қинап жатырмыз. Сол сияқты ол бизнес процестерден құтылатын болсақ мысалы, ауылдық жерлерде салықтан құтылатын болсақ ол үкіметке де жеңілдік болады және де ауылдық жерлерде тұрған адамдарға да жеңілдік болады.