Елдегі мобильдік төлемдерге қатысты тұрғындар не дейді?  

Тұрғындар мобильді аударымдарды жиі қолдана ма? Арна тілшілері халық арасында сауалнама жүргізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

– Мен карточкамен қолданамын ақшамды. Мәселен, магазинге барсам да, бір жердің қызметіне жүгінсем де карточкамен қолданамын. Сіздің айтуыңызша тексерілетін болса, білмеймін бір дүкендерде көп ақшасы бар  сондайларды тексерілу керек қой деп ойлаймын.

– Бізге сол аударым ыңғайлы ғой негізі. Халықтың бәрі соған үйреніп қалған сияқты. Жоқ, қолма-қол ақша білмеймін, заманнан кетіп бара жатқан сияқты. 

– Мен дүкенге барғанда қолма-қал ақшамен де, карточкамен де қолданамын. Екеуі де ыңғайлы.

– Электронды картамен, я болмаса QR. Төлем жасаған кезде QR-мен болмаса картамен төлем жасаған ыңғайлырақ.

– Жоқ, Астанаға келгелі бері қолма-қол ақшаны ұстауды қойдым. Көбінесе картамен жұымс жасаймын. Тіпті кез келген дүкенге келген кезде де, картамен төлеЙмін, немесе переводпен. Білмеймін, керек болып жатса, қолма-қолға көшетін шығармын. Бірақ маған үйтіп көп аударым жасалмайды негізінде.