Шымкентте майдангерлерге 1 млн теңге көмек беріледі

Шымкентте майдангерлерге 1 млн теңге көмек беріледі

Шымкентте соғысқа қатысқан жеті қарт ардагер тұрады. Майдангерлердің кішісі – 94 жаста. Биыл жеңіс күніне орай салтанатты шерулер өтпейді. Ал  майдангерлерге құрмет кемімейді. Мемлекет тарапынан бір млн теңгеден астам әлеуметтік көмек беріледі. Сонымен қатар 2500-ден астам тыл еңбеккері мен жесірлерге 12 айлық есептік көрсеткіш көлемінде бір реттік төлемақы бар. Соғыс ардагерлеріне теңестірілген өзге жауынгерлер де назардан тыс қалмайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұлдана Бекбау,  қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының бөлім басшысы:

Былтыр 21 болған, биыл жетеу қалды. Ол кісілерге жыл сайын бірреттік әлеуметтік көмек беріледі. Ол мәслихаттың шешіміне сәйкес, бірреттік әлеуметтік көмек 360 АЕК. Теңестірілген ҰОС ардагерлері бар, олар ауған, Семей, Чернобыл, тәжік-ауған, Ирак, Қарабах  қатысушылары мен мүгедектеріне беріледі.