Норвегияда жерленген тағы 18 қазақстандық жауынгердің есімі анықталды

Норвегияда жерленген тағы 18 қазақстандық жауынгердің есімі анықталды

II Дүниежүзілік соғыс кезінде Норвегияда жерленген тағы 18 қазақстандық жауынгердің есімі анықталды.

Қазақстанның Ослодағы елшілігі ІІ дүниежүзілік соғыс кезінде оккупацияда болған Норвегияда тұтқында қаза тапқан қазақстандық жауынгерлердің жаңартылған тізімін жариялады. Соңғы айларда 18 қазақстандық сарбаздың аты-жөні мен жерленген жері анықталды.

Бүгінгі таңда есімдері белгілі қазақстандық солдаттардың жалпы саны 74 адам. Толық тізіммен елшіліктің ресми сайтында таныс болыңыздар.