Алматыдағы алданған салымшылардың жанайқайы

Алматыдағы алданған салымшылардың жанайқайы

Алматыда Mudarabah Capital және Аstex.kz компаниясына алданып, қомақты қаржысынан айырылған 30-дан астам салымшы баспасөз мәслихатын өткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар қылмыстық істі Алматы қалалық Полиция департаментінің одан әрі жүргізуіне қарсылық білдірді. Егер талаптары орындалмаса, прокуратураға арызданбақ. Кейбіреуі тіпті, кеше қамауға алынған вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовты босатуды талап етіп отыр. Өйткені олар да қаржы пирамидасының құрбаны деген пікірде. Баспасөз конференциясына Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің алдында өзін өртеген Бағила Досмаилова да ауруханадан онлайн қосылды.

«Ол Алматы қаласы полиция департаменті басшысының орынбасары отставкаға кетуі тиіс», - дейді. Алданған салымшылар тергеудің әділ әрі жылдам жүруін талап етіп отыр. 

Айсұлу Тербетбаева, салымшы:

– Біз осы ақшаны салған кезде текқана  «Мударабах қана емес, Астекс компанясын да ағайынды Құрманғалиевтер де осы жерде бар болған. Оларды неге іске тартпайды деп наразы болдық. Біз астанаға барып келгеннен кейін Алмасты отырғыздық деді отырғызбады. Ертесіне барып отырғызды. Құманғалиев Шыңғыс деген ол сол  күйінде жұмысын істеген бетімен істеп отыр.

Рүстем Әбдірахманов, қалалық ПД бастығының орынбасары:

– Қазіргі уақытта 10 адам қамауға алынды. Екі күдіктіге халықаралық іздеу жарияланды. Қалған екеуіне мемлекеттен кетуге рұқсат етілмейді. Барлығына нақты айып тағылған. Жалпы алаяқтықпен айналысқан компаниялар азаматардан 5 млрд теңгеден астам   ақша жинап алған. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.