К.Мәсімовтің інісіне іздеу жарияланды

Павлодар облысы полиция департаментінің экс-бастығы полиция генерал-майоры Мәсімовке іздеу жарияланды.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі хабарлады.

«Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Павлодар облысы полиция департаментінің экс-бастығы полиция генерал-майоры Н.М.Мәсімовке қатысты аса ірі мөлшерде пара алды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді бастады (Қылмыстық кодекстің 366-бабы 4-бөлігі бойынша).

Осы факті бойынша оның іс-әрекеті сырттай сараланып, тергеу соты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасымен санкциялады.

Қазіргі уақытта Н.М.Мәсімовке іздеу жарияланды, іс бойынша оның орналасқан жерін анықтау бойынша қажетті жедел-іздестіру іс-шаралары және істің барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған басқа да тергеу іс-әрекеттері жүргізілуде.

Тергеу нәтижелері бойынша тиісті іс жүргізу шешімі қабылданатын болады.

Өзге ақпарат қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды» делінген хабарламада.