Каспий құбыр желісі консорциумының жұмысы таяуда жанданады

Каспий құбыр желісі консорциумының жұмысы таяуда жанданады

Каспий құбыр желісі консорциумы директорлар кеңесінің төрағасы, «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясы акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары Данияр Берлібаев консорциумның Новороссийск қаласы маңындағы теңіз терминалына жұмыс сапарын жасады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Данияр Берлібаев нысанда дауыл салдарынан зақымданған құрылғыларды қалыпқа келтіру барысын бақылап шықты. Сондай-ақ Данияр Берлібаев консорциумның бас директоры Николай Горбаньмен келіссөз жүргізді. Қолайсыз метеожағдай салдарынан құбыр желісіндегі іске қосу шараларын уақытылы жүргізу мүмкін болмаған. Суасты операцияларын жүргізуге мүмкіндік беретін ауа-райы қалыптасса, қайта қалпына келтіру жұмыстарының нақты аяқталу мерзімі белгілі болады. Данияр Берлібаев Каспий құбыр желісі консорциумы нысанындағы жұмыстар таяуда штаттық режимде қайта іске қосылатынына сенім білдірді.