Н.Әбдіров Еуроодақтың Қазақстандағы елшісімен кездесті

Н.Әбдіров Еуроодақтың Қазақстандағы елшісімен кездесті

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Еуропалық Одақтың Қазақстандағы елшісі Кестутис Янкаускаспен кездесу кезінде халықаралық қоғамдастықпен ашық саясат жүргізу және байланысты нығайту бағытындағы жұмыс барысы таныстырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» жолдауында айтылған сайлау процесін жаңғырту туралы да сөз болды. Ал жиын соңында Батыс елдерінің сайлау өткізу тәжірибесін зерделеу туралы уағдаластыққа қол қойылды.