Шымкентте «Қорғау» жүйесі іске қосылды

Шымкентте «Қорғау» жүйесі іске қосылды

Бұл полицейлерге заң бұзу деректерін жедел анықтап, тиісті шара қолдануға мүмкіндік береді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Яғни жол патруль полициясының қызметкерлері бағдарлама арқылы 8 шақырым аумақтағы жол ережесін бұзғандарды, жалған мемлекеттік нөмірмен жүрген көліктерді, айыппұл мен салық төлемеген жүргізушілерді, іздеуде жүрген автокөліктерді анықтай алады. Сөйтіп бірден айып тұрағына жібереді. Ол үшін көшеге қойылған «Сергек» камералары мен жедел басқару орталығының базасы полиция планшеттеріне біріктірілді. Бұл заң бұзу деректерінің алдын алып, адам өмірін сақтап қалуға көмектеседі деп отыр. Шаһар аумағын жаңа жүйе арқылы 500-ге жуық полиция инспекторы қадағалайды.

Серік Түсіпов, ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары:

– Құқық бұзушылық туралы ақпарат бұған дейін өз иесіне бірнеше күннен кейін жететін. Яғни өзектілігін жоғалтқанда жүргізушілер өзінің тәртіп бұзғанын кейіннен біледі. Енді планшеттегі ақпарат тәртіпті бақылайтын автоматты камералармен біріктірілді. Сондықтан кез келген шара лезде қабылданады. Сол сияқты жедел басқару орталығы арқылы тексеріледі. Осылайша біз жылдам әрекет етуге көштік.