Уәдесінде тұрмаған депутаттар мандатынан айырылады

Уәдесінде тұрмаған депутаттар мандатынан айырылады

Ата заңға осындай өзгерістер енгізу ұсынылып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сайлауалды уәдесін орындамаған депутаттарды мандатынан айыру туралы шешімді сайлаушылардың өзі қабылдайды. Арнайы құрылған жұмыс тобы бүгін бірқатар жаңашылдықтарды сөз етті. Құжатқа сәйкес Мәжіліс сайлауына аралас сайлау жүйесі енгізіледі, яғни төменгі палата депутаттарының 30 проценті 1 мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланады. Өйткені Мәжіліске артылатын жүк арта түспек. Заңды енді тек төменгі палата қабылдайды. Ал сенаторлар болса, құжатты мақұлдайды немесе Мәжіліске кері қайтарады.

Ермек Әбдірәсілов, заң ғылымдарының докторы, арнайы жұмыс тобының мүшесі:

Заңды төменгі палата қабылдайды. Ал жоғарғы палата мақұлдайды немесе мақұлдамайды. Бірақ бұл мәселені айналып өтуге болады. Яғни төменгі палата депуттары заңды қайта қабылдаса, онда құжат қабылданған болып саналады. Бірақ Сенат басқа да тиімді ұсыныстар білдірген жағдайда онда Мәжіліс  заңнаманы енгізілген ұсыныстармен қабылдаған болып саналады. Ал егер бұл ұсыныстарды төменгі палата құптамаса, онда өзара келісім процедуралары іске асады. Осы сынды барлық мәселелер Конституция шеңберінде реттелу керек.