Ауылдарға тиісті қолдау көрсетілмей жатыр

Өткен 3 жылда «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша бекітілген елді мекендердің 18 процентіне ғана тиісті қаржылай қолдау көрсетілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінің депутаты Альберт Рау хабарлады. Оның айтуынша, бұл жобаны жүзеге асыру үшін 2019-2021 жылдары 206 миллиард теңге жұмсалған. 2025 жылға дейін тағы 670 миллиард бөлу жоспарда бар. Барлығы 3 жарым мың ауылдың жағдайын жақсарту көзделген болатын. Алайда бағдарламаға тек 665 елді мекен қатысуға мүмкіндік алды, – деді депутат. 

Альберт Рау, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Біз бұл бағдарламаны жүзеге асыру кезінде республикалық және жергілікті бюджеттерден бөлінетін қаржының қалай жұмсалатынын бекітуді талап етеміз. Мәселен, елді мекендегі бір көшені жөндеуден өткізуге ауылдың өзі да қаражат бөле алады ғой. Сондай-ақ ауылдардағы экономикалық өсімді қамтамасыз ету керек. Ол үшін «Ауыл – ел бесігі» жобасын жұмыспен қамту бағдарламасымен байланыстыру керек. Сонда ғана нәтиже болады.

Сондай-ақ депутаттар әр өңірде салынып жатқан бірдей объектілерге бөлінетін қаражат сомасын теңестіру қажеттілігіне тоқталды. Себебі бір аймақта мектеп құрылысы 50 миллион теңге, ал басқа ауылда дәл сондай ғимараттың сомасы 500 миллион теңгеден асып кеткен жағдайлар кездеседі. Бір басымдылықпен кетіп қалмай әр ауылды дамыту керек. 90 проценті қамтылмаған. стандарттары ненің негізінде орындалған.

Қайнар Абасов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Неге бір жерде спорт кешендерінің бағасы бір миллион теңге болады, екінші жерде одан он есе қымбат болады. Ол стандарттарды кім белгіледі? Министрліктер арасында байланыс сабақтастық жоқ.