Петропавлда жылу шығыны қайта есептеледі

Петропавлда жылу шығына кеткен қаржы қайта есептеледі. Облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты осындай шешім қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Естеріңізге сала кетейік өткен жылдың соңында табиғи монополияларды реттеу агенттігінің өкілдері монополист компанияға арызданып, сотқа жүгінген. Шамамен – 850 абоненттен «СевКазЭнергосбыт» компаниясы бірнеше жыл бойы заңсыз ақша өндіріп алып отырған. Жеке секторда тұратын тұрғындардың кейбіріне тіпті 70 мың теңгеге дейін есепшот келгенін біздің арнаның тілшілері талай мәрте көрсеткен еді. Енді міне өңірде қызу талқыланған мәселеге нүкте қойылды.

Алуа Қожахметова, СҚО Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы:

Сот департаменттің шағымын ішінара қанағаттандырды. Яғни «Севказэнергосбыт» компаниясының жылу шығындары үшін төлемдер жасау әрекетін заңсыз деп таныды. Серіктестік 2020-2021 жылдары аралығындағы жылу шығыны деп ақша алып келген. Сот шешімі бір айдан кейін заңды күшіне енетін болады.