Қарағандыда конституциялық реформалар талқыланды

Қарағандыда «Sarap» сараптамалық клубының отырысы өтті. Онда жаңа Қазақстанның конституциялық реформалары талқыланды.  Мамандар қазір елдің ең басты құжатына кемі 30-ға жуық өзгеріс енгізу керек екенін айтады. Конституцияға өзгеріс енгізу – барлық саяси реформаны  жүзеге асыруға жол ашпақ.  Атап айтсақ, Президенттің саяси бейтараптылығы заң жүзінде бекітіледі, яғни мемлекет басшысы ешқандай саяси партияның мүшесі болмайды.  Отырыста талқылауға қызығушылық танытқандардың бәрі қатысып,  білікті сарапшылармен пікір алмасуға мүмкіндік алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құлмұхаммед Серікғалыұлы, студенттік Парламенттің төрағасы:

– Сайлау жүйесінің өзгеруі, конституциялық өзгертулер насиxаттаудың түрі. Сайлуға көп адамдар қатыспайды. Менің даусым маңызды емес дегенде ойлар туындап жатады. Ондай түсініктен бас тартып, әр адамның даусы маңызды екенін түсіндіру керек. Себебі әр қазақстандықөз елінде жаңа Қазақстан үшін адал сайлауда дауыс беру керек екенін насихаттау керек. Мұның бәрі түсіндірме жұмыстарында айтылды.