Атырауда оқушылар автобуста қайтадан тегін жүре бастады

Атырауда оқушылар автобуста қайтадан тегін жүре бастады

Атырау прокуратурасы балалардың қоғамдық көлікте тегін жүру құқығын қалпына келтірді. Қала ішілік жолаушылар тасымалында СМАРТ-карта жүйесі енгізілгеннен бастап оқушылар арнайы жол жүру карталарын пайдалана бастаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы уақытқа дейін кез келген  автобусқа күніне тек 2 мәрте, яғни мектепке барып-келуге оқушылардың карталарынан төлем алынбайды, ал одан кейінгі жол жүрісі үшін балаларға ақша төлеуге тура келетін. Қалалық прокуратура бұл ереже Атырау қалалық мәслихатының 2015 жылы шығарған шешіміне қайшы келетінін анықтады. Онда мектеп жасындағы балалар кез келген бағытта тегін жүре алады деп анық жазылған.

Ерлан Кәкиев, қалалық прокуратураның бөлім басшысы:

– Олардың санатында жетім балалар және мектеп оқушылары да бар. Бұл-өрескел заңбұзушылық болғандықтан,  Атырау қалалық прокуратурасы ұсыныс енгізіп, жауапты қызмтекерлер тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Қазір уақытта заңға сәйкес балалардың  тегін жүру құқығы қалпына келтірілді.