Масаның машақаты атыраулықтарды жыл сайын әбігерге салады

Масаның машақаты атыраулықтарды жыл сайын әбігерге салады
Almaty.tv

Биыл қансорғыштармен күресуге бюджеттен 130 миллион теңгеге жуық қаржы бөлінеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мердігер мекемені таңдау үшін тендер қаңтар айында жарияланған. Бірақ ұсынылған құжаттардың сәй келмеуіне байланысты конкурс қайтадан сәуірде өткізілді. Қазір мердігер мекеме анықталып, келісімшарт жасалып жатыр. Ал маса улау жұмыстары мамыр айында басталады.

Нұрислам Ғұмар, қала әкімінің баспасөз хатшысы:

- Бүгінде мердігер мекемемен келісімшарт жасақтау жұмыстары жүргізілуде. Дегенмен қала әкімдігі маса улау жұмыстарының уақытылы жүру қажеттігін ескере отырып, демеушілердің көмегімен жұмыстарды жүргізді.