$165 млрд: сыртқы қарызды қалай өтейміз

$165 млрд: сыртқы қарызды қалай өтейміз
Ак Жайык

Елдің сыртқы қарызы өсіп барады деген ақпарат тараған сайын жұрттың жүрегі ауырады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Төбе шашы тік тұратындары бар. Өйткені әлгі ақшаны баламыз тұрмақ, немерелеріміз де төлеп бітпейді деп шамданады.

БЛИЦ:

- Ол үшін зауыттар салу керек деп ойлаймын. Жұмыс орындарын, өнеркәсіптер ашып, сосын жеке кәсіпкерлерге субсидия бөлу керек.

- Өзіміз де соны уайымдап жүрміз. Немереге дейін емес, шөбереге дейін өсіп кетті дейді ғой сыртқы қарыз. Мұнай да бар, алтын да бар, платина да бар, күміс те бар, уран да бар, барлығы бар. Соны жоғарыдағылар шешіп, ешкім ештеңені ұрламаса шешіледі.

- Менің ойымша, Қазақстанда бүкіл жағдай бар. Өнеркәсіптің бәрін қалпына келтірсе, дұрысталады деп ойлаймын.