Павлодарда 500-ге жуық қоқыс үйіндісі анықталған

Павлодарда 500-ге жуық қоқыс үйіндісі анықталған

Бұл – жақын маңда тұратын зейнеткерлердің сүйікті демалыс орны. Таң атысымен бірнеше шақырым жүріп, жаттығу жасайтындардың қатарында Айман Құдайбергенова бар. Дәл осы аумақ бірнеше апта бұрын тазаланса да, қоқыстан арылмай отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақмарал Есімханова, тілші:

Көктем келісімен Павлодар қаласында осындай рұқсат етілмеген қоқыс орындары пайда болады. Бұл жерде құрылыс заттары, пластик, бір сөзбен айтқанда, Бір қызығы, облыс орталығынан алыс жерде емес, дәл тұрғын үйлердің жанында орналасқан.

Айман Құдайбергенова, зейнеткер:

Демалушылардың мәдениеті төмен. Кеше ғана тап-таза еді, енді қоқыс қайта көбейіп барады. Қала тұрғындары осы жерде серуендейді. Бірақ соңдарынан жинап кетпейді. Осы өзеннің жағасында жиі қыдырамын. Қоқыс-қалдық көрсем, көңілім түсіп қалады.

Бұл – мәселенің бір парасы ғана. Облыс орталығында бұдан да үлкен қоқыс үйінділері жетерлік. Стихиялық қоқыс орындары көбінесе орталық көшелерден тыс учаскелер мен өнеркәсіптік аумақтарда пайда болады.

Өкінішке қарай, бұл проблеманы тұрғындар өздері шешуге қауқарсыз. Олар сенбілікке шығып, айналаны тазалуға жиі шығады. Бірақ қалдықтар тым көп. Қоқысты шығаруға арнайы техника қажет.

Нұргүл Темірбекова, қала тұрғыны:

Үлкен-үлкен камаздармен төгеді кейде. Кейде жай бір мусордан ұшып келеді. Одан кейін мына үйдің артында көптеген құдықтар бар. Соған бір бала түсіп, басын да жарды. Мына жақ көп жанады. Осы айдың басынан бері үш-төрт рет пожарныйлар келді. Сөндірді.

Жауапты мекемелер жыл сайын әуе-ғарыштық мониторинг жүргізіп, үйінділерді анықтайды. Былтыр өңірде 500 орын тіркеліп, басым бөлігі қысқа мерзімде жойылған. Олардың 100-ге жуығы Павлодарда орналасқан.

Аңсар Әлешов, облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының бөлім басшысы:

– Биыл әуе-ғарыштық түсірілім мамыр айында жүргізіледі. Біздің басқарма экология департаменті мен жергілікті полиция қызметімен меморандумға қол қойды. Құжат негізінде рұқсат етілмеген қоқыс орындарын іздейміз. Кейін тиісті шара қолданамыз. Жауапсыз тұрғындарға немесе кәсіпорын иелеріне айыппұл салынады.

Осындай қоқыс үйінділерімен күрес жұмыстарына тұрғындардың да атсалысуына мүмкіндік бар. Облыс азаматтары шағымдарын бірыңғай желіге хабарлай алады. Кейін шұғыл шара қолданылады.

Авторлары: Ақмарал Есімханова, Марат Игіліков және Жеңіс Темірболат