Жағалаудан табылған итбалық саны 97-ге жетті – Маңғыстау облысы

Жағалаудан табылған итбалық саны 97-ге жетті – Маңғыстау облысы

Үш күн бұрын жергілікті тұрғын Қаражанбас кен орнына қарама-қарсы жағажайдан бірнеше өлі итбалықты кезіктірген болатын. Сол күні балық шаруашылығы инспекциясы мен экологтар шұғыл жетіп, зерттеулер жүргізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Теңіз жануарларының өлексесі бұзылып кеткендіктен, сынама алу мүмкін болмаған. Әлгі аумақтан жиналған теңіз суы мен топырақтың құрамы Ақтаудағы зертханада талданып жатыр.