Әуе кемелерін көктайғаққа қарсы өңдеуге қатысты мәлімдеме шындыққа жанаспайды – ААК

Көліктегі жазатайым оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеу департаментінің директоры Болат Наурызалиевтің әуе кемелерін көктайғаққа қарсы өңдеуге қатысты мәлімдемесі шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Азаматтық авиация комитеті мен Қазақстанның авиациялық әкімшілігі оның құзіретінен тыс ақпарат таратқанын жеткізді. Халықаралық азаматтық авиация стандарттары мен ұлттық заңнамаға сай тергеу біреуді кінәлі деп табу не оған жауапкершілік арту үшін емес, оқиғаның себебін анықтау үшін жүргізіледі. Қазір елде әуе кемелерін көктайғаққа қарсы өңдеу талаптары реттелген. Ал әуежай басшылығының ұшу-қону жолағына жақын жерде қос қабатты үй салуға рұқсат беруі күмәнді. Еске салайын, осыдан 3 жыл бұрын Bek Air әуе компаниясына қарасты Fokker-100 ұшағының тұрғын үймен соғылып, 8 адам қаза тапқан болатын.