Елордадағы Сарыарқа ауданы жасыл-желекке көмкерілмек

Елордадағы Сарыарқа ауданы жасыл-желекке көмкерілмек

Бүгін экологиялық акция аясында мұнда 200 түрлі көшет отырғызылды. Келешекте аққайың, шыршалар қаланың көркіне көрік қосып, ауасын тазартуға септеседі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалпы осы аумақта 2000 ағаш отырғызу көзделген. Ауданның жайқалуына еріктілер мен президенттік кадрлық резерв қатысушылары да ат салысып жүр.