Павлодарда тері аурулары диспансері жаңа ғимаратқа көшті

Павлодарда тері аурулары диспансері жаңа ғимаратқа көшті

Павлодарда пандемия кезінде модульдік госпиталь болған ғимараттар қазір бос тұр. Солардың бірі Ғалым Сұлтанов атындағы облыстық аурухана жанынан салынған жаңа нысан.

Кезінде ол тері-венерологиялық қызмет үшін арнайы салынған. Бірақ екі жыл бойы мұнда ковидпен ауырған науқастар емделді. Жуырда ғимаратқа тері-венерологиялық диспансер көшіп келді. Бұл жерде бактериологиялық зертхана, емхана және стационар бар. Дәрігерлер құрамы толық. Үш ай ішінде күндізгі бөлімде 177, стационарда 95 сырқат емделіп шыққан. Ем-шаралар бокс түрінде жабдықталған палаталарда көрсетіледі.

Ақылжанова Гүлназ, бөлім меңгерушісі:

- Бізге науқастар емханадан, яғни дермотологтан өткеннен кейін түседі. Өйткені екінші қабатта емхана орналасқан. Науқастар күндізгі және тәулік бойғы стационарда жатып ем қабылдайды. Бізге аудандардан көп түседі.