«Бишарашки» фильмінің түсірілімі басталды

Фильмнің желісі қаладан ауылға баруға мәжбүр болған ауқатты отбасының төңірегінде өрбиді. 20 жыл – бойы  ауылға ат ізін салмаған олар өздері күтпеген  оқиғаларға тап болады. Кинода Жан Байжанбаев, Әсел Сағатова сияқты танымал актерлармен бірге Адина Бажан, Еркебұлан Тоқтар сияқты жастар да ойнайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еркебұлан Тоқтар, актер:

– Сценариийді оқу барысында менің ой түйгенім сценарийстер байлық бастысы емес дегенді жеткізгісі келген сол жайында. Шытырман оқиғалар күтеді көрермендерді.

Киноның «Бейшаралар» деп аталуының өзіндік себебі бар. Әбден байлыққа малданған жанұя қарапайымдылық, жанашырлық сияқты адами қасиеттерді мүлдем ұмытып, бейшара қалге түседі. Дегенмен, кейін сол қателіктерін түзеуге тырысады. Соның барлығы әзіл қалжыңмен көрсетіледі.

Дархан Сәркенов, режиссер:  

– Сюжеттің желісі бойынша бізде бұл отбасы өзара араздықтары бар сондай фильмнің аяғына таман бұл отбасы өздерінше бір, бір-бірін сыйлап , бір-бірін тыңдап деген сияқты Басты біздің мақсатымыз ойын сауық болғаннан кейін күлдіру, бұл жерде комедиялық сахналар өте көп болады.

Фильм үлкен экранға 7 шілдеден бастап  шығады. Кино тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан мен Қытайда көрсетіледі деп жоспарланып отыр.

Авторлары: Қарлығаш Қайыпбекова, Радик Жакупов