Ә.Смайылов жыл соңына дейін ауылдарды 95%, ал қалаларды 99% сумен қамтуды тапсырды

Сонымен бірге Үкімет басшысы Түркістан, Батыс Қазақстан және Жамбыл облыстарында су көзін іздеу-барлау жұмыстарын бірер жылда аяқтау керек екенін айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұдан бөлек, Әлихан Смайылов суды пайдалану бойынша қызмет көрсететін мекемелерге бірыңғай талап-ережелерді бекітуді жүктеді. 

Сондай-ақ «Есқұла» су құбыры биыл іске қосылады. Бұл туралы Үкімет отырысында экология министрі Серікқали Брекешев мәлімдеді. 12 жыл бұрын басталған «Есқұла» топтық су құбырының құрылысы биыл аяқталмақ, Тіршілік нәрін халыққа жеткізуде қолбайлау болған құрылыс аяқталды. Қалған үш жоба да аяғына жеткізілуі тиіс. Бүгінде ауылдарды ауыз сумен қамтуда Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары артта келеді. Ал қалаларға су тарту бойынша Жамбыл өңірі көш соңында қалып қойған. Үкімет басшысы жыл соңына дейін ауылдардың 95 процентін, ал шаһарлардың 99 процентін сумен қамтуды тапсырды. 

Әлихан Смайылов ҚР Премьер-министрі: