Қазпоштаның ауылдық жердегі бөлімшелерінде цифрлық қолжетімділік болады

Қазпоштаның ауылдық жердегі бөлімшелерінде цифрлық қолжетімділік болады

Қазпоштаның екі мыңға жуық ауылдық бөлімшесінде цифрлық қолжетімділік нүктелерін ашу жоспарланып отыр.

Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрі Бағдат Мусин Мәжілістің жалпы отырысында мәлімдеді.

Айтуынша, электронды бұрыштарда халыққа қызмет көрсетіліп, олар мемлекеттік органдарға электронды өтініштер жолдай алады. Бұдан бөлек мемлекеттік басқару салаларын цифрландыру шеңберінде жер қойнауын пайдалануға құқық беру жөніндегі аукциондар электронды форматқа көшіріледі.

Айта кетерлігі, бұл жоба  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы аясында жүзеге асырылады.