Петропавлда ғасыр жасаған майдангер тұрады

Соғыс басталған шақта Валентина Волкодав 19 жастағы бойжеткен еді.  Алғашында көпір салатын механикаландырылған отрядқа әскер қатарына алынып, майдан даласында жауынгерлерімізге  жол салған. Кейін есепші,  кассир-қазынашы болған. Кейуана наурызда 100 жасқа толды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Валентина Волкодав, Ұлы Отан соғысының ардагері:

Соғыс басталған шақта барлық ер азаматтарды жаппай әскерге шақыртты. Себебі айналамызда жаппай бомбалар жарылып қорқынышты болды. Тіпті балалар мен әйелдер тығылатын жер таппай қалды.

Майдангер Жеңіс күнін Берлинде қарсы алады. Алайда, оның майдан жолы 1945 жылдың қазанында аяқталған. Кейуананың омырауындағы «Германияны жеңгені», «Варшаваны азат еткені» және «Берлинді алғаны үшін» медальдері оның сұралып соғыстағы жүріп өткен жолынан сыр шертеді.

Валентина Волкодав, Ұлы Отан соғысының ардагері:

9 мамырды Берлин қаласында болдым. Соғыс аяқталған кезде қуанышымызда шек болмады. Дегенмен бірден үйге қайтқан жоқпын. Біздің жасақты содан кейін Жапонияға жіберді.

Валентина Архиповна соғыста болашақ жолдасымен танысады. Ол әскери ревизор еді. Осылайша күйеуге шығып, 60-шыжылдары Украинадан Қазақстанға қоныс аударады. Қазір майдангердің үш 4 немересі, 3 шқбересі бар.

Евгения Колпакова, ардагердің қызы:

Анам өте еңбекқор әрі жауапты адам. Кесте тігуді ұнатады. Жас кезінде осы іспен айналысатын еді. Әрине қазір көзі нашар көреді. Бірақ оның бұл қасиеті немересіне дарыды.

Солтүстік Қазақстан облысынан екінші дүниежүзілік соғысқа 90 мыңнан астам азамат аттанған. Жартысына жуығы қанды қырғында қаза болып, елге оралмады. Қазір өңірде көзі тірі 15 майдангер бар.

Авторлары: Самат Қайырденұлы, Төлеген Иманов