Референдумды қолдау штабы құрылды

Қазақстанның 20-дан астам ірі үкіметтік емес ұйымдары, ардагерлер қауымдастығы, сондай-ақ ғалымдар, журналистер мен блогерлер референдумды дайындауға қатысады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Арнайы белсенділер Республикалық штабқа бірікті. Олар сайлаушыларға конституциялық өзгерістердің мәні мен қажеттілігін жеткізу үшін ақпараттық жұмыстар жүргізеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай форматтағы кездесулер еліміздің барлық өңірлерінде өтеді.

Мақсұтбек Айтмағанбет, республикалық Әкелер одағы қоғамдық бірлестігінің төрағасы:

– Референдум дегеніміз – әр адам өзі келіп дауыс беріп, осы конститутцияда болып жатқан өзгертулерге өз үлесімді қостым деген сөз. Сондықтан оған міндеттәі түрдле қатысу керек. Осы референдумды қолдап отырмыз. Көптеген жақсы өзгерістер болып жатыр. Әр адамның дауысы естіліп, билікке жетсе сонда ғана жақсы өзгерістер болады деп ойлаймыз.