Шемонайха ауруханасы соңғы үлгідегі медқұралдармен жабдықталды

Шығыс Қазақстандағы Шемонайха аудандық ауруханасы соңғы үлгідегі медициналық құралдармен жабдықталды.

Мекемеге жалпы құны 400 миллион теңгенің аппараты қойылды. Мұның көбі перзентхана бөліміне арналған. Арасында пациенттерге арналған жаңа төсектер, нәрестелерге инкубаторлар, сонымен қатар жасанды тыныс алу аппараттары бар. Бұған дейін жүкті әйелдер жүздеген шақырым жол жүріп, облыс орталығындағы перзентханаға баратын. Алайда құрал-жабдық келгенімен ауруханада кадр жетіспейді.  Дәрігерлермен қатар кіші медициналық қызметкерлер де тапшы. Жалпы 56  маман керек. Енді тұрғын үй беріп, әлеуметтік жағдай жасау арқылы жас мамадарды жұмысқа шақыру жоспарланып отыр.

Құрманғазы Тілеубеков, ШҚО Шемонайха аудандық ауруханасының бас дәрігері:

- Техникалық аппаратураның бәрі бар, тек қолданатын маман жеткіліксіз. Ол жағынан жұмыс істелініп жатыр, медуниверситетпен барып жолыққанбыз, биылғы жылға 23 адам өзімізге жазғанбыз. 23 адам. Бірақ енді кім келеді, кім келмейді, ол анықталмады. Бірақ енді сол 23 адамның ішінен енді сенеміз біраз адам бізге жұмысқа келетін сияқты.