Бір топ депутат Павлодар облысы халқымен кездесті

Депутаттар алдымен медицина саласы қызметкерлерімен жүздесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәжілісмендер – референдум  арқылы әр қазақстандық пікірін білдіруге мүмкіндік алатынын атап өтті. Бұл халық үніне құлақ түріп, пікірін тыңдауға бағытталатын саяси шара. Ата заңды өзгертуге байланысты жоспар жүзеге асса, Конституцияның 33 бабына 56 түзету енгізіледі. Осы тектес кездесулер өзге де еңбек ұжымдарында өтеді.

Вера Ким, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты:

Өзгертулер мен толықтыруларды негізгі бес бағытқа бөлуге болады. Біріншіден, суперпрезиденттік модельден республикалық модельге көшу. Екіншіден, билік құрылымдарын қайта қарастыру. Парламенттің рөлін кеңейту мен мемлекеттік басқаруға халықтың қатысуы. Сонымен қатар,  адам құқықтарын қорғау механизмдерін күшейту.