Сүйек тінін және адамның тіс эмалін қалпына келтіруге болады

Сүйек тінін және адамның тіс эмалін қалпына келтіруге болады

Отандық ғалымдар медицинаға аса қажет осындай биоматериалды өндіру технологиясын әзірледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл – гидроксиапатит  минералы. Жобаны «Қазақ ғылым қоры» қолдап, биоматериалды өндіру технологиясын әзірлеуге 160 млн теңге бөлген. Бұл қаражатқа заманауи зертхана салынып, жабдықталды. Ал гидроксиапатит табиғи материалы жұмыртқа қабығынан алынады. Бұл шетелдік баламалардан үш есе арзан. Мәселен, отандық өнімнің бір грамы 10 мың теңге тұрса, Қытайдан келетіні 30 мың теңге. Қазір институт мамандары импортты отандық биоматериалмен алмастыру мақсатында тіс дәрігерлерімен бірлесіп жұмыс істеп жатыр.

Мақсұт Темірбаев, тіс дәрігері, профессор:

Гидроксиапатит деген минерал бізде көп салаларда пайдалануға мүмкіншілік бар. Оны пайдаланып та келе жатырмыз. Мысалы травматологияда сүйекті емдеу, сосын стоматологияда тіс емдеу имплантация жасаған кезде бұл гидроксиапатитті ақаулардың бәрін бітеуге жақсы әсер етеді де сол кезде ол адамның еті сияқты организм қабылдайды оны.