Солтүстік Қазақстанда бруцеллездің ошағы анықталды

Солтүстік Қазақстанда бруцеллездің ошағы анықталды

Солтүстік Қазақстан облысында бруцеллез ауруының тағы бір ошағы табылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жолы Қызылжар ауданына қарасты Боголюбово ауылында 8 ірі қара малдың қауіпті ауруды жұқтырғандығы белгілі болды. Осыған байланысты аталған елді мекен ветеринарлардың қатаң бақылауына алынды. Абырой болғанда жергілікті халық бұл індеттен құлан таза. Кеселдің жаппай таралмауы үшін округ әкімі және ветеринардың шешімімен ауылда жақын күндері шектеу шаралары енгізілетін болады. Жалпы өңірде биыл осы ауруды жұқтырған 85 ірі қараның көзі жойылған екен.

Қайырлы Қазанов, облыстық ветеринария басқармасының бөлім басшысы:

Жыл басынан бері облыста 345 мыңнан астам мал басы тексерілді. Соның нәтижесінде 85 ірі қарадан бруцеллез ауруы расталды. Қауіпті індет Айыртау, Ақжар, Аққайың, Мағжан Жұмабаев, Уәлиханов және Қызылжар аудандарында анықталды. Соңғысы Боголюбово ауылында. Айта кету қажет былтыр күзде бұл ауыл карантинге жабылған болатын. Енді әр 15-20 күн сайын мұндағы малдардан сынама алынатын болады.