М.Әшімбаев: Реформа жайында қарапайым тілде жеткізу қажет

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев депутаттарға конституциялық реформа жайындағы ақпаратты халыққа қарапайым әрі түсінікті тілде жеткізуді тапсырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сенаторлар өткен аптада Ата заңға енгізілетін өзгерістердің мәнін түсіндіру үшін өңірлерді аралады. Жергілікті тұрғындармен осындай кездесулер алдағы уақытта да жалғасады. Сенат төрағасы Конституцияға енгізілген өзгерістер еліміздің әрбір азаматына қатысты екенін баса айтты.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

Қазір референдумға дайындық жүріп жатыр. Депутаттарымыз, комитеттер бар облыстарға шығып жатыр. Осы жұмысты біз енді тоқтатпауымыз керек. Бәріміз Президентіміздің бастамасымен өткізіп жатқан референдумның дұрыс өтуіне өз үлесімізді қосайық.