Конституцияға енетін елеулі өзгерістер қандай

Қазір Конституцияда 99 бап болса, соның 33-іне түзету енгізіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Атап айтсақ, енді жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі. Халық атынан меншік құқығын мемлекет жүзеге асыра алады. Одан бөлек, Ата Заңдағы 15-бапқа да өзгеріс енгізіліп, өлім жазасына тиым салынады.