Алматыда жаңа әлеуметтік саясат талқыланды

Алматыда жаңа әлеуметтік саясат талқыланды

Алматыда еліміздің әлеуметтанушылары Конституциялық реформалардың өзекті мәселелері мен Жаңа Қазақстан құру аясындағы міндеттерді талқылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Атап айтқанда, мемлекет пен қоғам үшін пайдалы «қиын кезеңдерді» еңсеру және елдің әлеуметтік дамуының оңтайлы әдістерін іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеудің өзектілігін алға тартты. Мамандардың айтуынша, бұл үдеріс қоғамдық сананың өзгеруімен тікелей байланысты. Жаһандану кез келген қоғамның тәуелсіз дамуына кедергі келтірмеуі керек екенін түсіну маңызды, – дейді сарапшылар.

Мәнсия Садырова, әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор:

– Бізде әлеуметтік даму саясаты патерналистік жағдайда болатын болса, қазіргі кезде біз либералдық модельге көштік. Практикалық модельге, иннвоциялық модельге көштік. Бір жағынан мемлекет көмекті қажет ететін топтарға көмектесетін болса, екінші жағынан кез келген адамның өзінің белсенділігін арттыру, жауапкершілігін арттыру, өзінің өміріне әл-ауқатына жауапты болу саясаты қазіргі кезеңде үлкен роль атқарып отыр.