Павлодарда 42 жағажай ашылады

Ал Павлодар облысында шомылу маусымына дайындық қызу жүріп жатыр. Осылай деген ТЖД мамандары биыл 42 жағажай ашылады деді. Бұл өңірде де су айдындарының аумағы тексеріліп, өзен-көлдердің түбі қоқыстан тазартылуда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыдан кейін құтқару бағаналары, шағын шатырлар мен арнайы орындар орнатылады. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қоғамдық құтқарышулар жасақтары құрылады. Шомылу маусымында, әсіресе, балалар қауіпсіздігіне басымдық берілмек.

Басты мақсат – жеткіншектерді жүзуге үйрету. Ол үшін мектеп жанындағы лагерьлерде 80-нен астам модульді бассейндер орнатылады. Оқушыларды шомылу мәдениеті мен жүзуге үйрету үшін нұсқаушылар даярланады.