Шымкенттегі стадион шатыры екі рет тексеруден өткен

Шымкентте орталық стадион шатырының құрылыс жұмыстары сапасыз жүргізілуі мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Полицейлер аталған жағдайға байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Естеріңізде болса, кеше ойынның алғашқы минуттарында екпінді желге шыдамаған әкімшілік ғимаратының шатыры ұшып, алаңға түскен еді. Ордабасы футбол клубы мен Павлодарлық Ақсу командасы арасындағы кездесуге 7 мыңнан астам көрермен жиналған. Оқыс жағдайдан ешкім зардап шеккен жоқ. Нысанға 2004 жылы күрделі жөндеу жүргізілген. Биыл қаңтар айында техникалық қадағалау жүргізіліп, тәуелсіз сарапшылардың сынанан өткен.

Мақсұт Исахов, қала әкімінің орынбасары

Бұл ойынның алдында да акт жасалған. Ол актта шатыр туралы да ешқандай мәселе болмаған еді. Бүгіннен бастап біз сол жерге техникалық қадағалау жүргізіп жатырмыз. Соның нәтижесінде сметалық шығындарын жасап, келесі бюджетті нақтылау кезінде ұсыныс беріп, биылғы жылы оның шатырын жасаймыз.

Бұған дейін күшті желден Шымкенттегі стадион шатырының ұшқанын айтқан едік. Бүгін стадион шатырына қатысты тергеу жұмыстары басталды.