Шатыры ұшқан стадион бойынша тергеу басталды

Шымкент қалалық полиция департаменті шатыры ұшқан стадион бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады.

Еске сала кетейік, күні кеше Ордабасы мен Ақсу командалары арасында футбол матчы кезінде қатты жел тұрып, спорттық нысанның шатыры ұшып кеткен болатын. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. 

Салтанат Қаракөзова, Шымкент қалалық ПД ресми өкілі:

- Аталған жайт бойынша полицейлер Қазақстан Республикасының ҚК 278-бабы сапасыз құрылыс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Барлық қажетті сараптама тағайындалды.